«Император» СК өзінің кішкентай тұтынушылары үшін жаңажылдық шырша ұйымдастырды

12 .03. 2020      06:43

«Император» СК өзінің кішкентай тұтынушылары үшін жаңажылдық шырша ұйымдастырды

 

Сауда кешені келіп жеткен Тышқан жылымен 200 бала мен олардың ата-аналарын құттықтады


Жаңажылдық шаралар 25-30 желтоқсан аралығында өтті. Бұл күндері «Император» СК-да ұйымдастырылған жәрмеңкеде қолдан жасалған бірегей сыйлықтар алуға болады. Өскеменнің үздік шеберлері келген қонақтар назарына hand-made әшекейлер, сабын, сәндік балауыз және өзге де үйге арналған, күтімге арналған заттар ұсынды.

Мереке балалық шақтан сүйікті «Щелкунчик және Тышқандар патшасы» ертегісі негізінде ұйымдастырылған. Өскемендегі «Клуба Лидеров» аниматорлары да өз қойылымдарын осы ертегі желісінде қойған. Мультфильмнің басты кейіпкері Щелкунчикпен бірге ондаған бала «Императора» сауда кешенінің дәліздерінен Тышқан корольді жеңуге септігін тигізетін бөлшектерді іздеді, жұмбақтардың шешімін тауып, түрлі тапсырмаларды орындады.

Балалар үшін түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Балалар жаңажылдық шырша ойыншықтарын жасап, жақындарына сыйлайтын мерекелік ашықхаттарды безендірді, слайм және өзге де түрлі бұйымдар жасады.

«Поляна» кешені ұсынған аспаздық шеберлік сағаттары да келушілердің көңілінен шықты. Балалар зімбір тәтті нандарын түрлі түсті креммен бояуды үйренді.

Балалар шеберлік сағаттарында өз қолдарымен жасаған заттардың барлығын сыйлық ретінде өздерімен алып кетті. «Поляна» кешенінің өкілдері келген қонақтарды дәмді әрі ерекше жаңажылдық тәтті таралғылармен қуантты.

Ал Art Area Party өздерінің шеберлік сағаттарына балаларды ғана емес, оларды ата-аналарын да жұмылдырды.

 

- Қыздар көркем интерактив ұйымдастырды, - деді «Император»  СК PR-менеджері Анастасия Рутковская. - Олар жаңажылдық суреті бар флип-флоп стиліндегі планшет дайындады. Ол арнайы үлдірмен қапталды. Қалағандардың барлығы осы тақырып аясында өз қолдарымен сурет салды. Соңында үлдірді алған уақытта өте әдемі, ерекше сурет шықты.

 

Мерекеде шығармашылықтан өзге балалар эстетикалық әдемілікті де көрсетті. Hello, kids сән агенттігі театрландырылған жаңажылдық сән үлгісін көрсетті. «Щелькунчик және Тышқандар патшасы» ертегісі бойынша көрсетілім қойып, кейін әдемі киім киіп қызыл кілеммен жүріп өтті. Ал көрсетілім үшін сәнді киімдерді Deloras, Button Blue, Crockid балалар және жасөспірімдер киім дүкендері ұсынды. Ал Paradise дүкені жасөспірімдерге арналған киімдерді таңдап берген. Көрермендер кішкентай сәнқойларды ду қол шапалақпен қолдады.

«Император» сауда кешеніне келген қонақ балалар да шетте қалмады. Олар үшін бал-карнавал ұйымдастырылды. Қыздар мен ұлдар кешке дайындалып, нағыз карнавал костюмдерімен келген.

- Балаларыма мерекелік кеш ұнады, - дейді екі баласы бар Елена. - Ұлым қуана-қуана квестке қатысты. Өзі де белсенді ғой. Ал қызым аспаздық шеберлік сыныптарына дән риза. Өзі әлі кішкентай болса да, анасына асханадағы жұмыстарға көмектескенді жақсы көреді. Ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға керемет көңіл-күй үшін алғыс білдіреміз.

Квест, байқау және ойындарға белсенді қатысқан балалар  «Император» СК ұсынған сыйлықтарға ие болды. Сыйлықтар қатарында ата-аналары мен балалары кешкі уақытты бірге өткізуіне арналған түрлі шығармашылық және дамыту ойындарын топтамалар.

 

Одан өзге, 29 желтоқсан күні 14.00-де «Жаңажылдық көңіл-күймен бөліс» байқауының қорытындысы жарияланды. Оны «Император» СК өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @tkimperator парақшасында өткізген болатын. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша сыйлықтарға ие болды:
1. "Мозаика праздника" агенттігі ұсынған балалар мерекесін өткізуге арналған 25000 теңгелік сертификат;

2. "Заречье" эко-мейманханасында тұруға немесе қызметін пайдалануға арналған 20000 теңгенің сертификаты;

3. Kimex мультибрендті киім және аяқ киім дүкенінен 5000 теңгенің сертификаты;

4. Катерина Оспановадан отбасылық немесе жеке фотосессияға арналған сертификат.


Сонымен қатар, ұйымдастырушылар көрермендер көзайымына айналған қатысушыларға бірнеше ынталандыру сыйлықтарын да дайындаған.

Жалпы мереке ойдағыдай өтті. Ертегідегідей шараға қатысқан қонақтар бұл күнді қуанышпен еске алатынына сенімдіміз.


Фото 1 / 1