"Біз – Жеңістің мұрагеріміз!" акциясы

22 .04. 2020      00:00
«Мәңгілік полк» Жеңіс күнінің айнымас бөлшегіне айналды. Әр сыл сайын тек ересектер емес, жастар – ардагерлердің немерелері мен шөберелері өз қаһармандарының суретін тік көтеріп шығады. Олардың әрқайсысы атасы немесе әжесінің қайсар қасиеті мен сұрапыл соғыс жылдары қандай ерлік көрсеткенін айтуға асығады.

«Император» СК Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай "Біз – Жеңістің мұрагеріміз!" акциясы аясында мәңгілік полкке қатысуға ниет білдірушілерді шақырады. Instagram әлеуметтік желісін қолданушылар ардагер ата-әжелері туралы бейне-әңгіме, олардың фотосуреттерін жолдай алады. «Император» СК өскелең ұрпақты қайсарлықпен Отан қорғаған ата-әжелері жайлы естеліктермен бөлісуге шақырады. Бірінші келген ардагерлердің суреттері сауда кешеніндегі қабырғаға ілінсе, бейне-әңгімелер «Император» СК Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында және ресми сайтында жарияланады. Өйткені біздің міндет – ардагерлердің есімін өшірмеу, халық қаһармандығының ұмытылмауы!


Акцияға барлығы да қатыса алады. Ол үшін өзіңіздің Instagram парақшаңызда #мы_наследники_победы2020 хэштегімен сурет немесе бейне-әңгімені жариялауыңыз керек.

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00