«Ертіс концерт» мерекелік көңіл-күй сыйлады

01 .05. 2017      10:42
Сымбат Исламбек

Қазақстан Халықтары Бірлігі күніне орай «Ертіс концерт» үрмелі аспаптар оркестрі қала тұрғындарына өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Аспан астындағы концертті қала тұрғындары тегін тамашалады.

- Біз өнері мен музыкасы халық жадынан өше бастаған қазақ композиторларының өнер туындыларын халыққа ұсынуды жөн көрдік. Халық өзінің тарихы мен мәдениетін білуі керек. Бұл мерекелік күн - мәдени құндылықтарды көрсететін күн, - дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, бас дирежер Сергей Косачев.
Өнерпаздар сахнаға үш рет шығып, қырық минуттан музыкалық композицияларды орындады. Күннің суықтығына қарамастан, ескі күндердің естелігін қайта жаңғыртқан өнерпаздар халықтың көңілін көтеру үшін өнер көрсетті.

Фото 1 / 2