Барбоскин қонағы

02 .01. 2017      19:43

Дос Сапар

Алғашқы қар жауғанда адамдар жаңа өмірдің жоспарларын құра бастайды... Жаңа жыл қарсаңында облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу орталығына қонаққа Аяз ата, Ақша қар, «Барбоскиннің басынан кешкендері» мультфилмінің кейіпкерлері, Отты Әтеш келді.

Кішкентай тәрбиеленушілерге мұндай мерекені жақын достары мен демеушілері - «Орел» алғашқы-партиялық ұйымы ұйымдастырды.

Мерекелік қойылымның алғашқы сәттерінен бастап балалар ертегі мен сиқыр әлемінде жүрді. Бағдарлама бойынша 2017 жыл белгісі Аяз Атаның балаларға арнаған сыйлықтарын алып қашты. Оларды қайтару үшін балалар мен ертегі кейіпкерлеріне бірқатар сыннан өтуге тура келді.

«Жетекшілер клубының» тәжірибелі аниматорлары ұйымдастырған ойындар, жұмбақтар, билерден соң, Аяз Ата мен оның көмекшілері тоғыз топтағы 132 ұлдар мен қыздарға тәтті сыйлықтар, әдемі ойыншықтар сыйлады.

Таңғы спектакль ұжымдық фотосессиямен және ұйымдастырушыларға деген шексіз алғыспен аяқталды. 

Фото 1 / 3