"Император" СК Қала күніне орай өскемендіктерге "Уақыт көлігі" мерекесін тарту етті

07 .09. 2019      17:00
Қала күні қарсаңында «Император» СК өскемендіктерге «Уақыт көлігі» мерекесін сыйлады.

Мерекелік шара Өскемен қаласының 299 жылдығына арналды.
«Уақыт көлігімен» сапар шегуге жүздеген тұрғын келді. Сауда кешенінің көлік тұрағы қыза түсті.

Ұйымдастырушылар сүйікті қаламыздың туған күнін стимпанк немесе ғылыми фантастика стилінде өткізуді жөн деп тапқан.
- Бұл шара Өскемен қаласының іргесі қаланған уақыттан бастап бүгінгі күнге      дейінгі даму тарихын көрсетуді көздейді, - дейді «Император» СК PR-менеджері Анастасия Рутковская.
Мерекеге келгендер қолдан жасалған стильдік кәдесыйлар алып, бүгінгі мерекенің көркін қыздырып жүрен тематикалық костюмдегі тұлғалармен суретке түсіп, Өскемен қаласының тарихы төңірегіндегі білімін паш етті.

«Қаланың негізі қашан қаланды?» деген алғашқы сұраққа жиналғандар бір ауыздан дұрыс жауап берді. Ал Усть-Каменный қамалы қашан тұрғызылғаны көбінің есіне түсе қоймады. Викториналық сұрақтар қиындаған сайын қызығы қыза түсті.

Сұрақтардың соңғы легі ескі суреттерге қарай отырып, көшелердің қазіргі атауын дәл табумен аяқталды. Мәселен, Чехов көшесі бастапқыда Большая деп аталса, Карл Либкнехт - Троицкая аталған.

Осы орайда естеріңізге сала кетейік, Усть-Каменный қамалы 1719 жылы қаланған. Ал Усть-Каменогорск атауы 1720 жылы берілген. Өскеменнің негізін қалаған - майор Иван Михайлович Лихарев. Қала Ресей империясының императоры I Петрдің бұйрығымен бой көтерген. Ал Усть-Каменный аталуына Ертістің дәл осы жерден тасты таудан ағып шығып, жазық даалаға жайыла аққаны себеп болса керек.
- Викториналық ойын танымдық сипатқа ие болды, - дейді қала тұрғыны Алексей. - Кей сұрақтардың жауабын бұрын білсе де, кей деректердің жауабын естіп таң қалдым. Мәселен, біздегі телевидение Алматыдан бұрын пайда болғанын білмеппін.
Еске сала кетейік, Өскемен телестудиясы 1958 жылдың 18 наурызында жұмысын бастаған. Ал Алматыда тұрақты телехабар тарату 1958 жылдың шілдесінен басталған.

Үлкендер тарихи сұрақтарға жауап беріп жатқанда, балалар «Тату шеберханасында» сурет салып, тәтті-таралғыдан дәм татты. Енді бірі Таңғажайып зертханада тәжірибелерін іске асырып жатты.
- Біз балалар үшін үш эксперимент дайындадық, - дейді көпшілікке ессіз профессор Всезнамус деген атпен таныс Тимур Башиков. - Алғашқысында балалар «лизун» дайындап, оны өздеріне сыйлыққа алып кете алады. Екінші - Ландольт реакциясы, тәжірибе «Мысыр түні», үшіншісі - «Тілазар ерітінді».
Осы уақытта орталық сахнадан әсем ән мен күй төгіліп жатты. Мәселен, Батырхан Муканов пен Арлан Сүлейменов қатарлы музыканттар Despacito сынды әлемдік музыкаларды домбыра үнімен күмбірлетті. Келген қонақтарды халық әртісі Вячеслав Ткач, «Баунти» дуэтінің солисі Зарина және Нұргүл Қабдоллаева, «Нон-Стоп» топтары әсем әнмен тербеді. «Эксклюзив» шоу-балетінің әртістері де мың бұрала билеп талайларды таңдай қақтырды. Кештің көркін фаер-шоу кіргізе түсті.

Бұл мерекеге қала әкімі Жақсылық Омар да келді. Қала басшысы тұрғындарды құттықтап, қаланың өткенін құрметтеп, жарқын болашағын қалыптастыруға атсалысудың маңызын атап өтті.
- Көңіл-күй керемет. Би, ән, костюмдер… Барлығының да тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Өте ерекше! - деп әсерімен бөлісті шараны тамашалауға келген Дарья. - Шынымды айтсам, бұрын-соңды қаладан мұндайды көрмеген едім.
Мереке соңында «Сәттілік механизмі» акциясы өтті. Естеріңізге сала кетейік, тамыз айы бойы «Император» СК кез келген дүкенінен 30 мың теңгеден кем емес сомаға сауда жасап немесе кешен қызметтерін пайдаланған қала тұрғындарына ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігі берілді.
- Қатысушылар саны көп, барлығы 350 купон тіркелген, - деп атап өтті Анастасия Рутковская.
Оның оны жеңімпаз атанса, тағы жетеуі ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Жеңімпаздар ие болды:
- «Любимый дом» жиһаз салонынан 100 мың теңгеге екі бонустық сертификат;
- «Альшемали» СҮ тондар салонынан ерлер немесе әйелдерге арналған күзен тонға 50% жеңілдік;
- Kimex мультибрендті бутиктен 50 мың теңгеге сертификат;
- Technodom тұрмыстық электр техникасы дүкенінен 25 мың теңгеге сертификат;
- Limpopo Travel туристік компаниясынан Анталияға барып-келуге арналған әуе билеті;
- Бұқтырма су қоймасындағы «Колибри» люкс санатты демалыс базасында демалыс;
- Shanti Spa тайлық spa-салонның кез келген қызметіне 25 мың теңгеге сертификат;
- Mon Amie косметикалық дүкенінен бьюти-бокс;
- «Аэроклуб «Восток-Авиа» АА ұсынған екі адамға арналған әуе шарымен көкке көтерілу сертификаты.

Қосымша сыйлықтар:
- «Поляна» кешенінен 25 мың теңгеге сертификат;
- «Блогер-Ука» блогерлер мектебінен 10 мың теңгеге сертификат;
- Kimex мультибрендті дүкенінен 50 мың теңгеге сертификат;
- Buro 28 мультибрендті ерлер киімі бутигінен 100 мың теңгеге сертификат;
- Boss дүкенінен 150 мың теңгеге сертификат;
- Mon Amie косметикалық дүкенінен бьюти-бокс.

Назерке Нұрболатқызы
Фото 1 / 37
  • Император СК Қала күніне орай өскемендіктерге Уақыт көлігі мерекесін тарту етті -

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00