Болашаққа билет

19 .12. 2016      19:41

Айдос Алмасұлы

Өткен жұмада шығысқазақстандықтар елдің ең елеулі мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлады. Көктемгі мамыражай ауа райы мерекелік іс шараларға қатысқан халықты көңілсіз қалдырмады.

Өскеменнің орталық алаңында халықтық серуен өтіп жатқан сәтте, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Император» СК қонақтарын әсем концертке бөледі.

Зияткерлік мектебі мен «Император» сауда кешені екі жыл қатарынан қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Оқушылар бұл сәтте қала тұрғындарының көңілін көтеріп, өзгелерге қол ұшын созуға мүмкіндік береді. Халықаралық олимпиада мен байқаулар жеңімпаздары мерекелік нөмірлер ұйымдастырып, сауда кешеніне келушілердің сұранысына ие болған қолөнер бұйымдарын қайырымдылық жәрмеңкесінде ұсынды. Оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қайырымдылық қаражатын жинау мақсатында халықтық шығармашылық тауарларын дайындады. Жиналған қаражатқа аудандық мектептің үздік оқушылары халықаралық EXPO-2017 көрмесіне аттанады. Қаражаттың қандай мақсатта жұмсалатынын түсінген білім ордасының қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар күштерін аямады.

Балалардың қолынан жасалған бұйымдар, әшекейлер мен картиналарды кез келген қонақтың сатып алуға мүмкіндігі болды.

- Мұндай күннің арқасында ауылдан шыққан бірнеше оқушы Қазақстанның астанасында бес күн қатарынан болып, тарихи оқиға куәгері болады. Сапарға жеткіліксіз шығындарды Назарбаев зияткерлік мектебі өз мойнына алады, - дейді директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Гүлшат Мұхтарханова.

Аталған қайырымдылық концертін №15 балалар өнер мектебі жалғастырды. Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Лариса Матвееваның жетекшілігімен облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары қайырымдылық эстафетасын жалғастырып, өз репертуарларындағы ең үздік туындыларын орындады. Талантты балалардың әр орындауына халық ду қол шапалақпен алғыс айтты.

«Император» сауда кешенінің жанындағы жылы сәттер өзгенің қасіретіне түсіністікпен қарайтын болашақ ұрпақтың қолында ел тізгіні тұрғанын терең түсіндірді.

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00