БҰҚТЫРМАДА ӘУЕСҚОЙ КОМНАДАЛАР АРАСЫНДА ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ШҚО ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

24 .07. 2017      14:51

«Жағажай кубогі» деп аталатын жағажай волейболынан өткен турнирі облыстың әр өңірінен 100 қатысушы мен 15 құрама команданы жинады.

Бұқтырманың сұлу табиғаты аясында екі күнге созылған жарыс «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бастамасымен, ШҚО Волейбол федерациясының қолдауымен өтті. «Нұр Отан»

«Волейбол+» волейбол клубы, «Император» сауда кешені демеушілік білдірді. Ал ұйымдастырушылар Сергей Викторович коротинге ерекше алғыс білдіреді.

- Турнир қатысушыларын қонақжай жерімізді қарсы алғанымызға қуаныштымыз! - деп атап өтті Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов. - Дәл осы жерде жақында ғана жағажай волейболынан кәсіби республикалық чемпионаттың жабылуы болған. Айта кетейік, бұл алаңда Қазақстан Республикасында өткен жеті чемпионаттың алтауы өткен.

- Ерлер арасында Глубокое ауданының командасы үздік шықса, өскемендіктер күмісті місе тұтты, ал қола жүлде семейліктерге бұйырды, - деп атап өтті жарыс төрешісі Оксана Кривко. – Ал нәзік жандылар арасынан облыс орталығының «Волей+» командасының айы оңынан туды. Екінші орынға риддерлік волейболшылар, үшінші орынға семейлік арулар жайғасты.

Қатысушылар, ұйымдастырушылар мен төрешілердің сөзіне сүйенсек, барлығы жоғарғы деңгейде өтті. Жарыстан өзге, келушілер көлге шомылып, би кешінде көңіл көтеріп үлгерді.

По словам участников, организаторов, судей – турнир прошел на высоком организационном уровне, зарядил бодростью и положительными эмоциями. Ведь помимо соревнований была возможность покупаться в море, потанцевать на дискотеке, подышать морским воздухом.

Фото 1 / 1
  • kz

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00