ӨСКЕМЕНДЕ ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

14 .08. 2018      13:13

Автор: Анна Коцарева

Қала әкімшілігі жыл сайын Өскемен өмірін жақсартуға атсалысып жүрген меценаттардың атын атап, құрмет көрсетеді. Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында «Жомарт жүрек» байқауы қорытындыланды.
 

- Меценаттар мен бизнесмендердің күшімен қалада 1,5 млрд теңгеге 12 жоба іске асты, оның ішінде қайырымдылық көмек көрсетуге 13 млн теңге, қала мектептерін жабдықтауға 2 млн теңгеден астам сома жұмсалды, - деп атап өтті Өскемен қаласының әкімінің орынбасары Ольга Булавкина.

- Бүгін сүйікті ісімен айналыса отырып әлеуметтік саланың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген белсенді, бастамашыл кәсіпкерлерді шақырып отырмыз.

Осылайша өзгенің тағдырына бейжай қарамайтын жеті меценаттың есімі аталып, еңбегі еленді.

"Фирма "НКГ" және "Ореол LTD" енетін "СВК" компаниялар тобының директоры Сергей Коротин «Жыл меценаты» атанды. Қала әкімшілігі оның көпбалалы отбасыларға және жетім балаларға көрсеткен қамқорлығын ерекше бағалаған.

- Сергей Викторович, сонымен қатар, мектептер мен балалар спорттық топтары, мешіт пен шіркеулердің жөндеу жұмыстары, өмірлік қиын жағдайларға тап болған жандарға көмек көрсетіп келеді, - деп атап өтті шара ұйымдастырушылары. - 2017 жылдың өзінде Сергей Коротин қайырымдылық мақсатқа 23 млн теңге жұмсады.

Ал "Жыл тұлғасы" атауы Влентина Рыбаловаға бұйырды. Бұл жеңіске ол кең көлемді қайырымдылық пен белсенді азаматтық көзқарасының арқасында жетіп отыр.

- Валентина Николаевна №15 мектепке демеушілік көмек көрсетіп келеді, - деп мәлімдеді жүргізушілер. - Қайырымды жанның арқасында 27 оқушы үш уақыт тегін ішетін болды. Бір кабинетке жаңа жиһаз бен кеңсе техникасын алып берді.

"Туған өлке" номинациясына "ВК ТЕХНОГРУПП" ЖШС директоры Дәурен Бейсембаев пен Білім басқармасының бас маманы Айгерім Оспанова лайық деп танылды. Ол «Бөбек» ясли-балалақша ашып, ғимараттың жөндеу жұмысы мен жабдықталуына 20 млн теңге жұмсаған.

"Жылдың үздік ұйымы" номинациясы "ШЫҒЫС INNOVATION" ЖШС басшысы Евгений Супроненкоға табысталды. Оның белсенді атсалысуымен 170 аулаға бейнебақылау камералары қойылды. Жоба сомасы 16 млн теңге.

Осы номинацияға тағы да ШҚО Қазынашылық департаментінің басшысы Мұхтар Төлегенұлы да лайық деп танылды.

- Департамент мамандары жыл сайын бір күндік айлық ақыларын балалар үйінің тәрбиеленушісі Диана Бегалиеваның жинақ шотына аударып отырған. Ол қаржы Диана 18-ге толғанда баспана алсын деген ниетте жиналған. Қазір пәтер сатып алынып, іші керек-жарақпен жабдықталған, - дейді жүргізушілер.

"Ерен еріктілік" номинациясында белсенді ерікті қызметі үшін Елена Березинская-Абилова үздік шықты. Ол жастарды кәсіпкерлік негіздеріне тегін кешенді оқытуды қолға алған.

Марапаттау рәсімі дарынды бишілер мен әншілердің өнерімен өрнектелді. Әр жеңімпазға диплом, естелік медальдары мен гүл шоқтары табысталды.

Фото 1 / 4
  • ӨСКЕМЕНДЕ ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ -
  • ӨСКЕМЕНДЕ ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ -
  • ӨСКЕМЕНДЕ ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ -
  • ӨСКЕМЕНДЕ ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ -

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00