ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛДАРЫНДА ПАРТИЯ ЖАҚТАСТАРЫН МАРАПАТТАП, БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАДЫ

02 .12. 2017      17:13

Созидать ради будущего страны

Ел болашағын қалыптастыру

 «Нұр Отан» партиясының ШОФ төрағасының орынбасары Олег Чугунков айтқандай, күнтізбеде ҚР Тұңғыш Президенті күні бекерден-бекер пайда болған жоқ. Бұл үлкен жетістіктер, халық және мемлекет тарихындағы әр кезеңдегі ірі түрленулерді айғақтайды.

- Жаңа Қазақстанды қалыптастыру әр азаматтың игі ісі болып табылады. Елдің дамуы үшін әр адамның үлесі қосуы қажет, - деді Олег Чугунков. – Сонда ғана әр ұл өкілдерінен тұратын қоғам біртұтас ұлтқа айналады. «Нұр Отан» партиясының пайда болу тарихы Тұңғыш Президен Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыс байланысты. Ұлт көшбасшысы партияның құрылуы кезінде осы істің басы-қасында болып, оның рухани шабыттандырушысы болды. Оның басшылығымен партия елдегі озық партиялық күшке айналды.ол ірі демографиялыұ реформаларды жүзеге асыруға қатысып, құрмет пен абыройға ие. Бүгінгі таңда ел бойынша бір миллионнан астам қазақстандық партияға мүше, оның ішінде шығысқазақстандықтар саны — 82 мың.

 

Мереке қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қатары тағы да түрлі салада қызмет ететін еңбекқор жастармен толықты: білім, туризм, статистика, жерді қорғау, кәсіпкерлік, қардылық бақылау, архитектура және ішкі саясат.

 

- Бұл партия ең алдымен Елбасымен байланысты. Барлық бастамасы қазақстандықтардың бірлігі мен жасапмаздығына бағытталған, - деп атап өтті ШҚО Статистика департаментінің қызметкері Айгерім Бердинова. - Мен өзім қызмет ететін Статистика департаментіндегі қызметкерлердің барлығы - «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Сондықтан мен де ел болашағы үшін партия қатарына қосылуды шештім. Партия мүшесі болу мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік жүктейді!

 

- Партия билеттері дәл осы күні табысталатындығы тамаша. Мен үшін бұл күннің маңызы зор, есте қалатын күн болды, - дейді ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының әкімшілік бөлімінің заңгер маманы Айнұр Төлегенова. - Мен нағыз патриотизм сезімін сезіндім. Партияға мүше болу — өз борышым деп білемін.

 

Салтанатты шарада «Қазақтелеком» АҚ мен «НИТ» АҚ өкілдеріне алғыс хаттар табысталды. Бұл кәсіпорындар партиямен үнемі қарым-қатынаста және өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарады. Соныен қатар, «Туған жерім» деген тақырыпта шығарма жазған мектеп оқушыларын да марапаттады.

- Менің оқушым Анастасия Перцова (11-сынып) байқауда әділқазылар назарына Риддер қаһармандары жайындағы шығарманы ұсынды, - дейді Риддердегі № 10 мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғлымы Татьяна Пешкова. - Ол тақырыпты тереңінен ашып, түсінікті етіп жазып шықты. Шығарманы сыныптағы барлық оқушылар жазған, алайда байқауға Настяны жібердім. Менің назарымды оқушының осы жағдайды жүрегімен сезініп, ешқандай ғаламторсыз өз ойын, сезімін жазып шыққаны аударды.

«Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалында Тұңғыш Президент күніне орай бастауыш партия өкілдері мен мүшелеріне алғыс хат беріліп, партия қатарына қабылданған жаңа мүшелерге билет табысталды.

 

- Бізге саннан гөрі сапа маңызды. Қоғамдық өмір тәжірибесін көрген жастар қатары көбейсе, ертең өздеріне жңіл болмақ. Олар нағыз елінің патриоттарына айналады, - дейді «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары Майраш Екібасова. - Жұмысымыздың нәтижесін көру қиын емес. Жақында қала әкімінің сыйлығына партия мүшелері арасында іріктеу аяқталады. Бірақ партия құрамында лайықты жандар көп болғандықтан марапаттауды 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні және 1 наурыз – Партия күні де жалғастыратын боламыз.

 

Мақала сайттан алынды:  http://rudnyi-altai.kz/10101-sozidat-radi-buduschego-strany.html

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00