«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨСКЕМЕНДЕГІ ФИЛИАЛЫ 2017 ЖЫЛЫ ЕКІНШІ РЕТ ҮЗДІК АТАНДЫ

26 .12. 2017      22:46

«Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласындағы филиалы «Үздік бастауыш партия ұйымы» облыстық байқауында 2017 жылы екі рет 1-орынға ие болды: 100 адамға дейін - «№ 23 Өскемен қалалық сайлау округі», 500-ден жоғары - «Казцинк» ЖШС.

Осы кәсіпорынның бастауыш партия ұйымы республика бойынша көш басында.

Парияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Үздік қоғамдық қабылдау орны» номинациясында 1-орынға «Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласындағы филиалы лайық деп танылды. Бұл жетістік – маңызды. 2014 жылы қалалық филиал тек 16-шы орында еді.

Біздің сұрақтарымызға «Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Өскемен қаласының құрметті азаматшасы Майраш Екібасова жауап береді.

Көшбасшы болу қаншалықты қиын?

Майраш Екибасова: Оңай емес, әрине! 2011-ден 2013-ке дейін «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрайымы болып қызмет еттім. Бұл штаттық қызмет болған, партиялық бақылау комиссиясы құрылымын қысқартты... Бірақ жұмыссыз қалмадым. Мен ешқашан жұмыс іздеген емеспін, жұмыс өзі мені іздейді. Сол кездегі шаһар басшысы мені Өскемен қалалық әкімдікке «Істерді басқару» ҚМКК басшысының орынбасары қызметіне шақырды. Менің басты міндетім – қаладағы барлық жергілікті өзін-өзі басқару комитеттеріне басшылық жасау. Ол кезде бұндай комитеттер саны 12 еді... ал 2014 жылы әкім айтты: «Майраш, ЖӨӨБ-ларды жөнге келтірдің, енді «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына қажетсің. Біз республика бойынша 16-орындамыз. Жоғарылау керек.». Мен «жоқ» дей алмадым. Солай 2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарымын. Басшы – әкімнің өзі.

Бүгін әр қадамымды Қуат Мұхитұлы Тұмабаевпен келісіп атқарамын. Филиал төрағасы қажырлы, іскер әрі күтпеген, қызықты ойларға бай азамат. Ол менің бірінші басшым, оның жетекшілігімен бүгінде жұмыс істеп келемін. Менің тәжірибеме сүйенетіндеріне ризамын...
Майраш Екібасова Өскемен педагогикалық институтын «математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша, Алма-Ата саясаттану және саясаттану мамандығы бойынша басқару институтін бітірген. 57 жасында Халықаралық Бизнес университетін тәмамдап, экономика және бизнес магистрі атанған.

ШҚО Самай ауданында математика пәнінің мұғалімі болып қызмет еттім, комсомол, партия қызметкері; №27 КТМ оқытушысы; Өскемен қалалық № 8 КТМ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым. IV, V, VI шақырылымдардағы қалалық мәслихат депуаты; қалалық ақпараттық насихат тобының белсенді қатысушысы. Халыққа адал қызмет етіп келе жатқан оның мүше болған комиссиялары мен кеңестерінің санына жетпейсің.

«Нұр Отан» париялық ұйымдары арасындағы байқау әдетте қалай өтеді? Ұйымдарға қойылатын талаптар қандай?

Майраш Екибасова: Партияның орталық аппаратының ұйымдастыруымен осымен төртінші жыл қатарынан «Үздік бастауыш партиялық ұйым» байқауы өтіп жатыр. Байқау үш кезеңнен тұрады. Біріншісінде 38 бастауыш партиялық ұйымдардың бесеуі облыстық кезеңге жолдама алды: «Казцинк» ЖШС, «Теміржол кәсіпорны», №9, 14, 23 сайлау округтері. Қалада 25 депутат, 25 қалалық сайлау округі бар. Округтер шекарасында бастауыш партия ұйымдары құрылған. Менің 23-ші округімде екі бастауыш партия ұйымы бар. Ал округ шекарасында – мектеп, аурухана, ЖӨӨБК, «Нұр» дәмханасы, «Серикпаева» ЖК. Осылайша Өскемендегі барлық партиялық топтар бірігеді. 2014 жылы қалалық филиалдағы қызметімді бастаған уақытта орталық аппараттың кеңесімен осындай қайта ұйымдастыруды бастадым.  «Үздік бастауыш партиялық ұйым» байқауына Өскемен қаласынан өзге тағы 19 қала мен аудандар қатысқан. Биыл олардың саны 20 филиалдан облыстық байқауға 28 бастауыш партия ұйымдары қатысқан, оның бесеуі біздікі. Байқау үш бөлімнен тұрады: мүшелер саны 100, 500-ге дейін және 500-ден астам.    

Осы жетістіктердің артында әлбетте қанша еңбек жатыр. Түсінгенімдей, бұл бағалаудағы басты критерий болса керек?

Майраш Екибасова: Саяси партияның ядросы – бастауыш партия ұйымы. Мен қызметке келген үш жыл ішінде 9,5 мың партия мүшелерінің саны 14 мыңға жетті. Бұл – 38 бастауыш партия ұйымдары, 341 партиялық ұйымдар. Мәселен, «Темір жол кәсіпорны» бастауыш партия ұйымы. Оларда ішкі 13 партиялық топ бар...

2017 жылы партияға 2256 адам мүше болды. Оның ішінде 292-сі мемлекетік орган өкілдері, 204-і білім беру саласынан, 232-сі денсаулық сақтау саласынан, 777-сі экономиканың түрлі саласынан, 632-сі студенттер.
Кез келген партияның негізгі мәселесі – үкімет. Сол үшін біздің ең бірінші міндет – Президент, барлық деңгейдегі депутаттар сайлауы шығар.
Партия бұйрығынан кейін «Болашақты қалыптастыра» партия доктринасы, 2016 жылы сайлауға шыққан «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық», «Нұр Отан» партиясының 2015-25 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы страегиясы сайлауалды платформасы бағдарламалық құжат болып саналады.
Біз неге көш басына шықтық? Бүгінде бізге келетіндер, партия құрамына қосылатындар көп болса, біздің жұмысымыз нәтижесін беріп жатыр.
Біздің қызмет бағыттары айқын – партиялық жобалар аясында. Олардың атаулары да тамаша!
«Жастар ел үшін», «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» деген атауларының өзі барлығын айқындап тұр. Кез келген қоғамның негізі – отбасы. Сондықтан да «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы бар. «Қарияларға қамқорлық» жобасының мақсатты тобы – аға буын өкілдері, құрметті ардагерлер.
«Өмірге жолдама» жобасы – оқу оқитын жас студенттерге бағытталған. «Кедергісіз болашақ» жобасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіледі. Бізде партия мүшелері арасында 91 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Мүгедек қариялар мен балалар да партия назарынан тыс емес.

Мәселен, менің 23-ші округімде «Зағиптар қоғамы» бар. Ол жергілікті атқарушы билік пен партиялық ұйым назарында.
Демеушілердің қолдауымен жылу жүйесі жөнделіп, клубта жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Қоғам ғимаратына жүргізілген жөндеу жұмыстары жайлы айта берсек, сөз жетпес. Шатыры жөнделіп, пластикалық терезелер қойылды – барлығына 2 млн теңге жұмсалды. Уақыт өте жаңа мәселелер шыға береді. Мәселен, ескі шамдарды ауыстыру. Жөндеу жұмыстары үшін «ҮМЗ» АҚ директорына алғыс білдірдік.   

Сергей Коротин («Oreol LDT» ЖШС басшысы) жаңа жарықшамдар алуға көмектесті.

Енді «Позитив» вокалды тобының мазасын микшерлі пульттың істен шығуы мазалайды. Құны да қымбат – 190 мың теңге. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы атынан Лазарев Андрей Павловичке хат жаздық... Мәселе шешімін тауып, микшерлік пультты әкелгендегі топ мүшелерінің қуанышын жеткізе алмаймын. Қазір «Позитив» вокалды тобы қалалық шараларға да қатысып жүр.

Партиялық жұмыстар жайлы үнемі әлеуметтік желіге жариялап отырамыз. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Бір баланың портфелі мен оның ішін қажетті құрал-жабдықпен толтыру үшін өткен жылы 8-9 мың кеткен болса, биыл 12-13 мың теңгеге шығып тұр. Ал партияның ұйымдастыруымен биыл 1700 бала мекеп сөмкесін алады.

Бізде тамаша партиялық ұйымдар көп. Мәселен, теміржолшылар. Олар сөмке алып беріп, Жаңа жылда кәмпит беріп шектелмейді. «Балалар ауылының» жеті баласын паронаттық тәрбиеге алған және жыл сайын олардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшотын толтырып отырады. Өткен жылы түлек Таня Маслова өзіне қамқорлық танытып келе жатқан аға-әпкелерінің жолын қуамын деп, Алматыдағы М. Тынышпаев атындағы Көлік академиясына оқуға түсті. Таня оқуын аяқтаған соң жұмыспен қамтылатынын жақсы біледі. Баспанасы да болады. Өйткені шотына қамқорлары қаржы аударып отыр. Барлығы 8 млн теңге құйылған.
 

Әңгіме барысында жас жігіт келіп, «Жеке сот орындаушылар» ұйымының да «Мектепке жол» акциясына қосқан үлестері жайында мақтанышпен айтып берді.

 Салим Бахтияров: Біз Тимур Ларионовқа көмектестік. Ол Тәжірибе алаңы кентінде тұрады, музыкалық мектепте оқиды. Тимурдың анасы көмек сұраған: 150 мың еңге қажет болса, біз 179 мың теңге жинап бердік. Бұл қаржыға бала бастан-аяқ киініп, «Астана stars 2017» байқауына қатысып, 1-орын иемденіп қайтты.

 Майраш Шайзадақызы: Жеке сот орындаушылары құрылымы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-ші қадамын ұйымдастыру аясында құрылған. ЖСО пратиялық ұйымының жетекшісі – Сәрсембаев Дәурен Бидахметұлы тамаша адам. Олар 104 балаағ көмек көрсетті. Бірақ ұйым атынан емес, өз қалтасынан. «Феникс» клубына жарыс ұйымдастыруға қаржылай көмектеседі. Онда 4 жастан бастап балалар дайындалады. 

«Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласындағы филиалының қоғамдық қабылдауы облыс бойынша 1-орында. Сіздерге халық қандай мәселемен жүгінеді? 

Майраш Екибасова: Осы жылдың 10 айында 300 адам жүгінді. Жартысынан астамы оң шешімін табады. Қоғамдық қабылдау әдетте шақыртқандардың өздеріне де барады. Бізге заңгер, психолог, медиатор, дәрігерлер көмектеседі. Көбі баспанаға, балаларға қатысты мәселелерімен келеді. Мәселен, депутат Сергей Коротин көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерден көмегін аямайды. Жыл сайын оның «Oreol LDT» ЖШС кәсіпорны 10 млн теңгеден астам сомаға демеушілік көмек жасайды. 2016 жылы ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала Кирилл Буйковқа бір бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Сергей Викторовичтің көмектескен жандары көп.

«Бақытты отбасы – бақытты балалық» жобасы бойынша да көп игі іс атқарылды.

Бізге зайыбы көз жұмып, өзі үш жасар қызымен жалғыз қалған ер адам көмек сұрап келді. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болмаған соң баласын балабақшаға орналастыра алмай жүрген екен. Өйткені жалдамалы пәтерде тұрады. Біз осы мәселемен Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөліміне хабарластық, олар көмектесті.
        


Мұса есімді ұл ҮМЗ тантал өндірісіндегі облыс мәслихатының депутаты Алексей Асламбекович Цораевтің патронаттық тәрбиесінде. Өндіріс орны оған 1-сыныптан бері қамқорлық көрсетіп келеді: киім-кешек пен қажетті затардың барлығымен қамтамасыз етеді, үшінші жыл ағылшын тілінен өтетін курстардың ақысын төлеп отыр. Мұсаны жалғыз тәрбиелеп отырған әжесі қамқор жандарды құшақтай  «Сіздер болмасаңыздар, мен өзім жалғыз қалай асырайтын едім?» деп жылап жіберді.

         Катонқарағай көшесінде күйеуі қайтыс болып, кішкентай балаларымен жалғыз қалған келіншек тұрады. «Марат-М» ЖШС тасымалдаушы компания оған көмір жеткізіп берген.
         «Марат-М» ЖШС тасымалдаушы компания директоры Али Думанұлы Мусин жас та болса тәжірибесі мол азамат партия құрамына енді. Оның артынан тағы 18 адам «Нұр Отан» партиясына мүше болды: жүргізушілер, кондуктор, кассашылар... Осылайша өткен жылы «Марат – М» жаңа партиялық тобы құрылған. Наурыз мерекесіне 4-ші ЖӨӨБК ақсақалдарын, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін шақырып, қонақ етті. 1 қыркүйекте мал сойып, аз қамтылған отбасыларға үлестірді. Красин кентіндегі №5 мектепке үнемі көмектесіп отырады.
         Осылайша партиялық топ игі істер жасай отырып өсті. Біз олармен бірге Наурызға орай «Сәтті билет» акциясын ұйымдастырдық. Автобусқа кірген әр 50-ші жолаушы тегін қатынады. Ал 8 Наурызда түрлі-түсті қағаздар сатып алып,  №5 мектепке апарып бердік. Балалар ашықхаттар жасады да, оларды өз қолдарымен автобусқа кірген нәзік жандыларға тарту етті.
         Тағы бір жарқын үлгі… Сәлім бұрын бізде қызмет еткен. Енді «Жеке сот орындаушылар» палатасының өкілі, партияның қатардағы мүшесі.
         Сәлім (мақтанышпен): Мен партияға мүше болғалы 11 жыл!

         Майраш Екібасова: Олардағы партия мүшелерінің саны 50 адамға таяп қалды. Өздерінің игі істерінің арқасында келесі жылы облыстық, тіпті, республикалық байқауда жеңістен үмітті. Тағы бір тамаша мысал: бізге көмек сұрап жүгінген әйел бұрынғы күйеуінің алимент төлемейтінін айтады. Баласының жасы – 12-де. Алимент мөлшері 7 жылда бір жарым миллион теңгеге жеткен. Натальяның күйеуімен жұмыс жүргізген жеке сот  орындаушылар көп күш жұмсады. Соңында әкесі пәтеді баласының атына жаздырып берді. Партияның қалалық филиалында кілтті салтанатты түрде Натальяға табыстадық. Жеке сот орындаушылардың партиялық ұйымына мол сенім артамыз.

Сәлім: Майраш Шайзадақызымен жұмыс істеген жақсы. Майраш Шайзадақызы өз жұмыскерлеріне жақын бірден-бір басшы. Онымен доп ойнаудан да қысылмаймыз, маңызды сұрақ туындап түнде хабарлассаң да түсіністік танытады.. Керемет жан!      Майраш Екібасованы Ново-Обухово ауылындағы мектеп директоры «болашақ Лобачевский» деп атаған. Ломоносов ат. МГУ-ға түсуді армандаған. Алайда бауырлары мен сіңлілері үшін асқақ арманынан бас тартты. Көпбалалы отбасында 8 бала болды, қаражат тапшылығына байланысты балалар кезек-кезек білім алуға мәжбүр болды. Ол тек 20 жасында Өскеменге білім алуға келген. Оның қыздардан құралған СҚЖ бригадасын тынымсыз еңбекқорлықтарына қарай «Тынымсыздар» деп атаған... «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Майраш Екібасованың биографиясынан бірнеше мысал ғана көп дүниеден мағлұмат береді.

 Өзі батыл мәлімдегендей: «Мен мықты ауыл әйелімін! Жылқыға да отырып, орақпен шөп те ора аламын… Әлі күнге дейін бір мөшек картопты арқама салып көтере аламын».

Ал біз: Майраш Екібасова өте сенімді жан. Әлемді төңкеріп кете алады, тек жақсы жаққа, әрине! Егер осындай адамдар көп  болса, өзгелерге өмір сүру жеңіл болар еді.

Қазір қайсар жанның денсаулығы сыр беріп жүр. Жаңа жыл қарсаңында іске әйелге жастық шағындағыдай арын тілегіміз келеді. Жарқын өмірі мен көптеген жанға жылулық сыйлай білгені үшін алғыс білдіреміз!  

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00