БАЛАҒА БАҚЫТ СЫЙЛАУ ОҢАЙ
Балалардың күлкісі, жайнаған көзі, шынайы шаттық... Осыдан артық бақыт бар ма? Сергей коротиннің атынан «СВК» компаниялар ұжымының командасы осымен нешінші жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі балаларға көңілді мереке тарту етіп келеді.
Балалар пираттар ойынының қызығына кіріп, аниматорлармен бірге құпия аралдарды аралап қазына іздеді. Үлкен теңіз тасбақаларының арқасына отырып шағын мүйістерді асып өтіп, капитан Крюктың қызықты сұрақтарының жауабын табуға тырысты. Балалар желкенді тұрғызып үйреніп, кемені басқарды. Тіпті «нағыз» пираттардың семсерімен ұрысқа да түсті. Ұйымдастырушылар әр қатысушыға бұндай семсерді әуе шарынан жасап берген. Балалардың қуанышында шек жоқ, көңілді ойында барлығы достасып, бауыр болып кеткен.
Орталықта балалар үйіндегі мектепке дейінгі жастағы балаларға коррекциялық , сондай-ақ, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы дамуында тежелу бар, ДЦП диагнозы бар балаларға көмек көрсетіледі.- Балалар сондай көңілді, - дейді көзіне еріксіз жас алған Өскемен қаласындағы Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу орталығы директорының орынбасары Надежда Борисова. - Көздері жайнап, мәз-мейрам... Біздің ерекше балаларымызға көрсеткен ерекше көңілдеріңіз үшін рахмет!
Бұл жолы орталықтағы әр балаға жазғы демалысқа қажетті спорттық костюм, кроссовкамен қатар, жеміс-жидектер үлестірілді. Шынымен де біреуге бақыт сыйлау оңай екен!- Біз осы оқыту-тәрбиелеу орталығымен 20 жылдан бері доспыз, - дейді «СВК» компаниялар тобының өкілі Галина Андреева. - Жаңа жыл мен Балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде балалар үшін керемет мереке ұйымдастырамыз, сыйлықтар тарту етеміз. Ал жаңа оқы жылы басталғанда балаларды мектепке дайындаймыз. Балалар шын қуанғанда біз, ересектер шынымен пайдалы іс атқарып жатқанымызды сезінеміз.