МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА

30 .08. 2019      13:15
Демеушілер балаларды мектепке дайындауда


Көп ұзамай мектеп дәліздері мен жаңартылған сыныптарға жан бітіп, оқушыларға толады. Ал қазір ата-аналар мен оқушылар қызу дайындық үстінде. Баласы мектепте оқитын әр отбасы бір оқушыны жаңа оқу жылына дайындаудың қалтаға қаншалықты салмақ салатынын біледі. Сондықтан да, аз да болса, демеушілер көмегі кей отбасыларға ауадай қажет.

1 қыркүйек қарсаңында Өскемендегі №15 және №8 мектептеріндегі 42 оқушыны «СВК» компаниялар тобы мен қалалық мәслихаттың №21 сайлау округінің депутаты Сергей Коротин мектепке қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етті.

Шын жүректен!

Жаңа оқу жылына сақадай сай №15 мектептік акт-залына жиналған бастауыш сынып оқушылары үшін оқу басталмай жатып мектепке неге жиналғандары қызық. Ата-апасынан ауылдан, жазғы лагерьден келген балалар аң-таң қалғанымен, ата-аналар мен мұғалімдер үшін бұл жаңалық емес. Өйткені «Баланы мектепке дайында» акциясы дәстүрге айналғалы қашан.

- Құрметті балалар, жаз бойы жақсы демалып, жаңа оқу жылына мол күш-жігермен келдіңдер, - деді сөз алған демеуші Сергей Коротин. - Қазір сендер үшін ең маңыздысы — білім алу. Тәртіпті қатаң сақтап, молынан білім алуға талпыну керек. Мейірімді болыңдар, ата-аналарыңа, мұғалімдеріңе қолғабыс етіңдер. Өйткені ата-аналарың мен мұғалімдерің сендер үшін еңбек етуде. Ал бүгінгі мен алып келген сөмкелер сендерге сыйлық. Әрқайсының іші мектепке қажетті құрал-жабдықтармен толтырылған. Одан өзге тәтті-таралғылар да бар.

Сыйлық алған балалар алғыстарын білдіріп, жақсы оқуға уәде етіп жатты.


- Сыйлықтардың барлығы заманауи, - деп бөлісрті әсерімен сегіз жастағы Денистің анасы Ирина Поскребко. - Көмек көрсетіп, балаларымызды махаббат пен назардан тыс қалдырмағаны үшін демеушілерге алғыс білдіремін.

№15 жалпы білім беретін мектепті қаладағы үздік білім ошақтарының бірі деуге болады. Мектеп базасында қала педагогтары үшін шеберлік сыныптары, конференция мен ашық сабақтар өтіп тұрады. Ұжым 100%-ға жасақталған. Биыл үш жас маман келсе, олардың бірі қызыл диплом иесі, ағылшын тілінің оқытушысы Гүлбаршын Түсіпханованың өзі де осы мектепте білім алған. Биылғы түлектердің 25-і ЖОО грантына ие болса, бесеуі «Алтын белгiлерін» ақтап шыққан.

- Біз өз білім ордамыз мен балаларымызды жақсы көреміз, - дейді мектеп директоры Анаргүл Бектургенева. - Сондай-ақ Сергей Викторович Коротин сынды көмекшіміз барына қуанамыз. Ол педагогикалық ұжым мен ата-аналар комитетінің барлық өтініштерін назардан тыс қалдырмайды. Мүмкіндігі жеткенше қолынан келген көмекті аяған емес.

«Өз жолыңды тап!»

Қалалық мәслихат депутатының қамқорлығындағы тағы бір №8 мектепке бұл жолы тек бастауыш сынып оқушылар ғана емес, жоғары сыгып оқушылары мен Мирный кентінің тұрғындары да жиналған.

- Екі айға созылған биылғы акция «Жүректен жүрекке» ұранымен бастау алған, - дейді 10-сынып оқушысы Ксения Прохоренко. - Қалада адамгершілігі жоғары азаматтар аз емес, олар материалдық көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын созуға қашан да әзір. Сондай мәрт тұлғалардың бірі - Сергей Викторович Коротин. Ол біздің мектептегі әр бастамаға көмек көрсетіп келеді. Шынайы көңіліңіз бен қамқорлығыңыз үшін алғысымыз шексіз!

№8 мектептің 21 оқушысы мектепке қажетті құрал-жабдыққа толы сөмке мен тәтті-дәмділерге ие болды. Олардың арасында ағайында Глеб пен Станислава Степовые де бар.

- Осы қамқорлыққа ризамыз, - дейді балалардың әкесі Дмитрий Степовой. - Бірнеше балаң мектепте оқыса, оларды жаңа оқу жылына дайындау қиынға соғады. Сол үшін де бұндай қолдау біз үшін үлкен көмек. Алғысым шексіз!

Оқушылар сыйлықтарын ала келген демеушінің командасына алғыстарын концернттік бағдарламамен білдірді. Жас дарын, бірнеше қалалық байқауларда топ жарып жүрген Хақназар Серікұлы жиналғандардың көңілін көтеріп жіберді. 3-сынып оқушысы Дарья Порядкова да мерекенің көркін қыздырды.

- Балалар, сіздерге және ата-аналарыңызға көмек көрсете алғанымызға сондай қуаныштымыз, - дейді Сергей Коротин. - Бақытты болыңдар, ақылды болып, бізді тек өз жетістіктеріңмен қуантыңдар. Өздерің де ер жеткенде туған мектептерің мен оқытушыларыңды ұмытпай, білім ордасына осындай көмек көрсетеді деген сенімдемін. Жаңа ғана жаңартылған кабинеттерді аралап шықтық. Жаңарып, жақсарғанын өздерің де байқаған боларсыңдар? Кабинеттерді осылай әсемдеу үшін мұғалімдерің көп тер төкті. Біз осы тұрғыдан да көмек қолын созсақ деген ниеттеміз. Ұлдарға арналған шеберхананы жабдықтау үшін қаржы бөлмекпіз.

Расымен де, мектепке осындай көмек ауадай қажет-ақ.

- Демеушіміздің арқасында робототехника кабинеті пайда болды, - дейді №8 орта мектеп директоры Раиса Ескендірова. - Қыздарға арналған технология кабинетін толық жабдықтадық. Енді ұлдардың шеберханасын да жасаймыз. Біздің білім ордасы қаладағы үздік жабдықталған мектептердің бірі.

Меценат пен оның ұжымы балалардың рухани баюын да назардан тыс қалдырмаған. Өз қамқорлық ететін екі мектептің кітапханаларына жерлес жазушы Виктор Степанович Аксеновтың тамаша туындылары жарық көрген 37 дана кітап табысталды.
Фото 1 / 14
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -
  • МЕКТЕПКЕ ҚУАНА-ҚУАНА -

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00