Зейнеткерлерді Қарт адамдар мерекесімен қалай құттықтады
1 қазан қарсаңында Өскемен қаласындағы № 21 сайлау окрігінің 80 ардагер мен мүгедек жандар депутат Сергей Коротиннің атынан азық-түлік жиынтығына ие болды.
Меценат әрі ақкөңіл азамат аға буынды қолдау – борышым деп біледі. Жыл сайын Қарттар күніне орай, қарияларға көңіл бөліп, сыйлық сыйлау жақсы дәстүрге айналған.
Депутаттың ұжымы келеді деп күтпеген ата-әжелер үшін бұл тосынсый болды. Тіпті, бұл қошеметке алғаш рет бөленіп тұрғандар көздеріне жас алды. Қариялар үйлеріне келген қонақтарды нан ауыз тиіп, шай ішпейінше жібермеді.
Еңбектің наны тәтті
Ит-мысыққа пана болып, тауық пен қаз асырап отырған 86 жастағы Вера Сысоева жаз бойы баптаған бақшасынан алған өнімдерін шығарып, қонақтарға дастархан жайды.
- Биыл өнім бітік шықты, - дейді қонақжай әже. - Мені осылайша бірінші рет құттықтап отыр. Жылы ниеттеріңізге, азық-түліктеріңізге үлкен рахмет! Қазір сіңіліммен бірег тұрамыз, өзі дімкәс. Мен шарушылықпен айналысамын. Ауыру-сырқауға уақыт жоқ.
Тап-тұйнақтай жиналған үй асқан талғампаздықпен әрленген. Тіпті, жап-жаңа ноутбукті көріп таң қалып, кім пайдаланатынын да сұрадық.
- Мен күнде қыздарыммен, немере-шөберелеріммен компьютер арқылы сөйлесемін, - дейді Вера Мартыновна. - Балаларымның барлығы – бағдарламашы, мені де үйретіп қойды. Бір қызым Канадада, екіншісі Израильде. Тіпті, Иерусалимге қонаққа да барғанмын. Жерорта теңізіне шомылдым. Зейнгетке шыққаныма 20 жыл болды, бірақ демалатын уақыт жоқ
Вера Мартыновна еңбек жолын баспаханада өткізген. Бірақ өмірдегі ең басты жетістігі – қыздарына тамаша тәрбие беруі.
Ендігі кейіпкеріміз Анастасия Кондратьева да үш баласын, немере-шөберелерін мақтан тұтады. Өмір бойы ауыл шаруашылығында қызмет етіп, бұзаушы болған. Анастасия Васильевнамен бірге тұратын қызы оның өте еңбекқор, азаматтық көзқарасы белсенді екенін, тіпті, екі рет ауылдық кеңес депутаты етіп сайланған. Ерен еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған.
Қартаюға әлі ерте- Бізді, зейнеткерлерді ұмытпай, мереке сайын келіп құттықтап тұратындықтарыңыз үшін алғыс білдіремін, - дейді Анастасия Кондратьева.
"Казстальмонтаж" трестінде биіктіктен монтаждаушы болып істеген тыл ардагері Николай Машковский депутаттың ұжымын әзіл-қалжыңмен қарсы алды.
Ыстық көңіл - маңызды- Мені қандай мейраммен құттықтауға келдіңдер? - дейді ардагер. - Мен әлі қария емеспін. Әлі тыңмын, шаруашылықты да өзім дөңгелетіп отырмын. Ал сыйлықтарыңа рахмет!
Николай Федотович Өскемендегі бірнеше өндіріс нысандары – ҚМК, "Востокмашзавод" пен құрылғылар зауытының құрылысына тікелей қатысқан. Брежневтің тұсында салтанатпен зейнетке шыққан. Екі бала тәрбиелеп, олардан немере-шөбере сүйіп отыр. «Бала-шағамның санынан жаңылғанмын. Санап қайтемін? Олардың барлығы – менің балаларым», деп әзілдейді қария.
Қонақтар келерде қария бақшадан сәбіз бен қызылша қазып әкеп, қысқы тұздықтар жасауға дайындап қойған екен.- Жас бойынша қартайған шығармын, - дейді біз құттықтауға барған әлі де тың зейнеткер Семен Бояркин. - Ал жан дүнием әлі жас, күш-қуатым тасып тұр. Щукарь атам айтқандай, өліп бара жатып, аяғымды қимылдатармын... Қызым мен күйеу баламды пәтерден жер үйге көшіріп алдым. Жақсы тұрып жатырмыз. Істейтін шаруа табылады.
Семен Егоровичтің 10 немересі, 6 шөбересі бар. Оладың арасында үшем де бар көрінеді. Балаларын – байлығым деп білетін қарияның көзінен бақыт байқалады.- Біздің жасымызда отыруға болмайды, - дейді өмір бойы Қорғасын-мырыш комбинатында балқытушы болып қызмет еткен ардагер. - Қимыл – өмір! Ал отыра қалсаң, сырқаттанып, өлесің де қаласың. Ал менің жоспарымда әзірге ондай жоқ.
Мереке құтты болсын, құрметті ата-әжелер! Денсаулықтарыңыз мықты болып, ұзақ өмір сүріңіздер...- Зейнеткерге жан жылуын сыйлай білгенімізге қуаныштымыз, - дейді Сергей Коротиннің көмекшісі Галина Андреева.- Әр жыл сайын Қарттар күніне орай, округтегі 80 қарияны түгел аралап шығып, сыйлықтар тарту етеміз. Осы қарттардан өмірге қуанышпен, оптимизммен қарауға үйренеміз.