Ерекеше балалар "Ореол" БПҰ-дан сыйлықтар алды

06 .01. 2020      00:00

          ШҚО Ерекше білім беру қабілеті бар балаларды оңалту орталығының балалары қонақтарды қарсы алды. Орталықтың кішкентай тұрғындары қонақтарды үлкен үмітпен ұзақ күткен еді. Бірі логопедтер мен дефектолог мамандардың үйреткен тақпақтарын айтып берсе, енді бірі осыншама көп адамның алдына шығу үшін қорқынышымен күресіп бақты.

          Бұл орталық та осында ем қабылдап немесе оңалту шараларын қабылдап жатқан балалар сияқты ерекше. Әр балада көптеген аурулар жиынтығына байланысты асқынған диагнозы бар. Ондай балаларға ерекше қамқорлық керек, олар осы орталықтан сондай қамқорлықты алып жатыр. Көздерінде мұңы бар бұл балалар да Жаңа жылдан сиқырды күтеді. Бірақ мереке барысында Аяз ата мен Ақшақарды, шыршаны көргенде барлығының көзі жанып, мәз-мейрам болды.

Тілек тіле!

         Көңілді Аяз ата өзінің немесері Ақшақармен бірге мерекелік алғашқы ойынды бастап та кетті. Шыршаны айнала отырған балалар үлкен жанып тұрған шарды қолдан-қолға беріп, іштерінен тілек тілеуде. Сырт көзге үш жастағыдай көрінетін Никитаның жасы бесте. Ол да алып шарды қолына алып тілек тілеп отыр. Не тіледің екен, балақай? Бәлкім үлкен қызыл ойыншық машина болар; бәлкім, перзентханада өзінен бас тартқан анасы бір сәт есіне алсын деп тіледі ме екен?! Никитаның оңалту орталығына келгеніне екі жылдан асты. Бұл балақай келе сала қызметкерлердің көңілін түгелдей жаулап алған.

- Сондай тамаша бала, - дейді Орталық директоры Надежда Борисова. – Басқа диагноздарынан өзге, ода БЦСА бар. Бастапқыда аяғына тұра алмайтын, жүре алмайтын. Далаға көтеріп шығаратын едік. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай, тіпті билеп жүр. Орталықтағы балалардың әрқайсысы үшін біз бүкіл жан дүниемізбен алаңдаймыз. Осындай балаларды қуантуға әзір "Ореол" бастауыш партиялық ұйым мен оның басшысы, депутат Сергей Коротин сынды достарымыздың барына қуаныштымыз.

          Балаларға мереке сыйлауға келген аниматорлар – Көшбасшылар клубының мүшелері. Ортаға жылдың басты символы Джерри тышқанды көмекке шақырған Аяз ата мен Ақшақар балаларды шыршаны айналдыра жүгіртіп, ойын ойнатты, жұмбақ жасырды. Осылайша белсенді балаларға тәтті-таралғылар да үлестірілді.

Кереметтер бар!

          Мерекенің шарықтау шегі – сыйлықтар. Шырша мерекесіне дайындаған тақпақтарын балалар жарыса айтып, ол үшін көптен күткен ойыншықтарын: дамытатын ойыншықтар, бояғыштар, кәмпит пен жеміс-жидек алды. Жаңажылдық сыйлықтар барлығына да жетті. Ал бұл сәттегі балалардың қуанышы мен көздеріндені отты сөзбен жеткізу мүмкін емес.

- Біздің тәрбиеленушілер бірегей, оларға көрсетілетін оңалту шаралары да бірегей, - дейді ШҚО Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оңалту орталығының директоры Сәуле Ахмадиева. -  Бізге балар дефектолог, логопед, психолог сынды мамандар жетпейтін аудандардан келеді. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Тіпті, жалғызбасты аналарды қойып, жалғызбасты әкелер де бізге балаларын әкеліп тастайды. Қамқорлықтағы балалармен дәрігерлер штаты жұмыс жасайды. Көптеген тәрбиеленушілер нәтижелі жұмыстан кейін қарапайым орта мектептерде білім алуға баратындықтары қуантады. Ал диагнозы асқынған балалар әлеуметтене түседі, олардың жағдайы жақсарғандығы байқалып тұрады.

            Бұл жерде шынымен де үміттерге нұр себіліп, ғажайыптар орын алуда. Бұл көңілді Шырша мерекесі де ғажайыптардың бірі.

- Жыл сайынғы дәстүр бойынша біз балаларға мереке сыйлауға келдік, - дейді депутаттың көмекшісі Галина Андреева. – Әдеттегідей өзімізбен бірге мейірім мен махаббат ала келдік. Әр кездесуден кейін біз де тамаша көңіл-күймен тарқаймыз. Бөбектердің қалауы мен тілектерін орындай алатындығымызға қуаныштымыз. Жүздері балбұл жанған балаларды көру – бақыт.

          "Ореол" бастауыш партия ұйымы 20 жылдам астам уақыт бойы осы оңалту орталығына қамқорлық көрсетіп келеді.

- Бұл біздің ең адал достарымыз, - дейді Сәуле Қақанқызы. – Біз Сергей Викторовичтың ұжымымен туыстай болып кетті. Әрдайым дер кезінде көмек көрсетеді. Әр мереке - ертегі. Оларға айтар алғысымыз ерекеше.

Фото 1 / 9
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -
  • Ерекеше балалар Ореол БПҰ-дан сыйлықтар алды -

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00