Жас - бұл жәй ғана сан!

30 .09. 2020      00:00

Зейнеткерлерді қарттар күнімен құттықтады


Жыл сайын Халықаралық қарттар күніне орай қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Коротин № 21 сайлау округінің тұрғындары үшін қайырымдылық акциясын өткізеді. Депутаттың көмекшілері қолдау мен қамқорлықты қажет ететін зейнеткерлердің үйіне сыйлықтармен және жылы лебіздерімен, құттықтауларымен келеді. Сергей мырза биылғы мейрам күні де қарттардың көңіл бөлуді ұмытқан жоқ.


Мереке қарсаңында SVK компаниялар тобының қызметкерлері 86 қарияға барып, ризашылықтарын білдіріп, оларға ашық хаттар мен азық-түлік, тәтті-дәмді тіскебасарға толы салмақты сөмкелер сыйлады.

Депутат командасының келуі көптеген ата-әжелер үшін жағымды тосын сый болды және олар тарту-таралғыларды қатты қуанғаннан көздеріне жас алып қабыл алды. Көпшілігі келген қонақтарымен ағынан жарылып әңгіме айтпай, дастарханнан дәм татқызбай жібергісі келмеді. Шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен және мазалап жүрген ойларымен бөлісті. Балаларының немерелерінің, тіпті шөберелерінің жағдайынан құлағдар етті.


Қарттар үшін әлі ерте!

Лидия Клейманова біздің команданы есік алдында қарсы алды, әйтсе де оған әрбір қадам басудың өзі үлкен күш. Лидия Никифоровна 81 жаста. Өскеменде туып-өскен. Семей кітапхана техникумы мен Ленинград мемлекеттік мәдениет институтын бітірген. Еңбек өмірінде ол Өскемен қаласының балалар кітапханасының оқу залында және облыстық кәсіподақтар кеңесінде жұмыс істеді. 43 жылдық еңбек өтілімен абыройлы зейнетке шыққан қарт әйел баласы мен немересінің жетістіктеріне риза.

- Жұмыс істеген кезде үнемі саяжайға барып тұратынмын. Ал қазір аяғым ауыратындықтан үйде ғана отырамын. Біздің жаста отыруға болмайды, қозғалу керек. Отырып қалсаң - өмір туралы ұмыта беруге болады., - деп мойындайды зейнеткер. -

Лидия Никифоровна күн сайын дүкенге барады, аулада серуендейді және демалыс күндерін отбасымен өткізеді. Қайырымды жандар әкелген сыйлықтарды қымсына қабылдап, қуаныштан жылап, қонақтарына шын жүректен алғыс білдіріп шығарып салды.

- Бірінші рет мен бұлай қатты қуандым! Неткен көп сыйлық әкелген, - дейді Лидия Клейманова.


Нұрмұхамет Наурызбаев есімді қария 83 жаста. Алайда, атаның түр-әлпетіне қарасаңыз әлі 70-ке де толмаған дерсіз. Өткір көздері әлі де қырағы, есте сақтау қабілеті бұзылмаған ақсақалдың еңбек етіп дағдыланған екі қолы қазір де тыным табар емес. Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылындағы ондаған жылдық еңбек өтілі бар қария мейраммен құттықтап келген қонақтарды құдай қосқан қосағымен қарсы алды.

- Мен өмір бойы автобазада жүргізуші болып жұмыс істедім. 20 жыл бұрын кемпіріммен Өскеменге көшіп келдік. Отасқанымызға 50 жыл болды! - дейді кеудесін мақтаныш кернеген Нұрмұхамет Наурызбаев.

Ерлі-зайыптылар өмірлердегі ең басты жетістік үлкен және тату отбасы болу деп санайды. Олардың үш қызы және өсіп келе жатқан немерелері бар.

- Зейнеткерлерді ұмытпай, елеп-ескеріп құттықтап жатқандары – жүрегімізге жылу, көңілімізге қуаныш ұялатады, - дейді Рая Баймұхамбетованың әйелі.


Күш-қуат бойда!

83 жастағы Вера Тимошенко бізбен кездескеніне қауқылдап, риза болып қалды.

- Ой, сендер көп екенсіңдер ғой! Босағада тұрмаңдар, төрлетіңдер. Тәтті-мәттімен шәй ішесіңдер ме? - деп балдай мәз болды.

Күш-қуаты бойынан қайтпаған қайсар әйел Ақтөбеде дүниеге келіпті. Ата-анасы климаты қолайлы мекен іздеп қаладан-қалаға көшіп жүрген екен.

- Біз Өскеменге келген кезде -мен 2 жаста едім, ата-анам осында қалуды ұйғарды. Ақтөбеде жеті сыныпты бітірдім, тағы 3 жыл Павлодар облысында, содан кейін Өскемен техникумында оқыдым, - дейді Вера Ивановна. Зейнетке шыққанға дейін ол тауар сарапшысы, әр түрлі зауыттарда инженер болып жұмыс істеген.

Вера Ивановна екі баласы мен немерелерін мақтан тұтады.


Біз ата-әжелерді қарттар күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, мол бақыт тілей отырып, әр күні таңертең мейірімді жүрекпен оянғымыз келеді. Айналамызда қамқоршы, қолдаушы, жанашыр жандар ғана болсын.

Фото 1 / 6