Дер кезінде көрсетілген көмектің маңызы зор

01 .09. 2020      00:00

Өскемен қаласының мәслихат депутаты Сергей Коротин аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 40 баланы мектепке қажетті құрал-жабдық салынған рюкзакпен қамтамасыз етті.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 21-ші сайлау округінің депутаты үшін дәстүрге айналған.

Депутаттың қамқорлығындағы №№8 және 15 мектептің әлеуметтік әлсіз топқа жататын оқушылары Білім күнін атап өтті. Сергей Викторович 1 қыркүйек қарсаңында балалармен ғана емес, олардың ұстаздары мен ата-аналарымен де кездесті.

- Алдымен сендер сабақтарыңды жақсы оқуларың керек, - деп ақылын айтты Сергей Коротин. - Сауатты, ақылды, тәрбиелі адам болу – сендер үшін басты мақсат болуы керек. Білім алып жатқан алтын ұяларың мен ұлағатты ұстаздарыңды құрметтеп, олар берген жақсылықты бойларыңға сіңіре біліңдер. Ал біз сендерге сәл де болса, демеу боламыз!

Білім ошақтарына демеушілік көмек көрсетілсе, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 40 бала депутаттың қолынан құрал-жабдықтар салынған рюкзак, тәтті-таралғы алды. Осынау қиын-қыстау заманда дер кезінде көрсетілген көмек үшін мектеп директоры, ұстаздар мен ата-аналар зор алғыстарын білдірді. Ал балалардың жүздері қуаныштан балбұл жанды.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында Дамудағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығының 102 тәрбиеленушісіне де канцеляриялық тауарлар таратылды.


Фото 1 / 3