1 ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРТТАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

01 .10. 2018      12:00
1 қазанда Қазақстанда Қартта күнін атап өтті. Мереке қарсаңында №21 сайлау округіндегі зейнеткерлердің үйіндегі көңіл-күй ерекше. 

Қалалық мәслихат депутаты Сергей Коротин жыл сайын Қарттар күніне орай мейірімділік акциясын ұйымдастырады. Депутаттың көмекшілері көмек пен қамқорлыққа мұқтаж зейнеткерлердің үйіне келіп, сыйлықтар тарту етіп, құттықтайды.
Депутат биыл да дәстүрден жаңылған жоқ. «СВК» компаниялар тобының қызметкерлері азық-түлікке лық толы дорбаларын алып, қазына-қарияларды құттықтап қайтты.
- Ерекше қамқорлыққа мұқтаж барлық қарттарды қамтуға тырыстық, - дейді депутаттың көмекшісі Галина Андреева. - Ең алдымен олар, әрине, жақындары жоқтар, мүгедек, аз қамтылған жандар және соғыс ардагерлері.
«СВК» компаниялар тобының қызметкерлері Октябрьский және Мирный аудандары тұрғындарының үйіне барды.
Ал Қарттар күні қарсаңында осындай сыйлық алып, құрметке ие болып жатқан қариялардың шаттығы көздерінен байқалып тұрды. Өздерін еш уақытта ұмыт қалдырмайтын абзал жандарға алғыстарын білдіріп жатты.
- Сіздерге үлкен рахмет! Бізді ешқашан ұмытқан емессіздер, - дейді 79-ға келген зейнеткер Полина Калистратовна. - Көңілім көтеріліп қалды.
Жүрекжарды алғысын айтқан әже келген қонақтарының бетінен сүйіп жатты. Балаша қуанған әже бірнеше сағаттан кейін көршілерін шақырып алып, қонақтары әкелген тәтті-таралғымен шай ішіп, әсерімен бөлісіп отырарына сенімдіміз.
Осы орайда айта кетейік, мерекеге орай Сергей Коротиннің атынан 86 өскемендік қария сыйлыққа ие болды. Ал қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар оның есесіне шынайы күлкі, жүрекжарды тілекке көмілді. Қамқор жандар «бұдан асқан бақыт жоқ» екенін айтады.

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00