Балалар арасында сурет байқауы өтеді
Азамат Нұрболатұлы
Халықаралық балаларды қорғау күні «Алдаспан» газетінің редакциясы Александр Волковтың «Зүбаржат қаласының сиқыршысы» ертегісі желісі бойынша қарандашпен салынған суреттер байқауын жариялайды.
Мерекеге жиналған балалар арнайы ұйымдастырылған квестте ертегідегі өздерінің сүйікті Элли, Татошка, Гингема және өзге де ертегі кейіпкерлерімен танысуға мүмкіндік алады. Байқауға 5 пен 12 жас аралығындағы балалар қатыстырылады. Ескере кеткен жөн, сурет салуға арналған қарандаш пен қағазды ұйымдастырушылар үлестіреді. Үздік сурет иелері анықталып, бағалы сыйлықтар таратылады. Сонымен қатар, қатысушылардың туындылары басылым бетінде және ustinka.kz сайтында жарияланатын болады.
Айта кетейік, бұл байқау 1 маусым күні «Император» сауда кешенінде сағат 12.00-ден 16.00-ге дейінгі уақытқа жоспарланған. Еліміздің кішкене тұрғындарының мерекесіне арналған бұл күні сауда кешенінде тек сурет байқауы ғана ұйымдастырылмайды, сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналарын түрлі көңіл көтеру бағдарламалары да күтеді.