Жастар күні тойланды
Жастар күніне арналып ұйымдастырылған акция «Император» сауда кешенінде өтті.
ШҚО балалар және жастар кітапханасының өкілдері акция барысында жастарға әлемді мойындатқан бестселлерлер ұсынды.
- 12 тамыз күні әлем Жастар күнін атап өтті, - дейді кітапханашы Любовь Лазарева. - Мұндайда кітапхана жастарға не ұсына алады? Әрине, біз оларға жастар туралы ең танымал кітаптарды таныстырамыз. «Император» сауда кешенінде ұйымдастырылған арнайы кітапхана кафесінде біздің қормен танысуға болады.
Кітаптан тұратын көрмелік презентациядан басқа қонақтарды зияткерлік викториналар, «Оқымысты адам» атты фотоқойылым күтіп тұрды. Сол сияқты сауда кешеннің LED-экрандарынан кітап жарнамаларын тамашалаудың сәті түсті.
- Мысалы, Санкт-Петербург қаласының ірі сауда орталықтарында кітапхана бөлімдері бар, - дейді Любовь Лазарева. - Адамдар жаңа кітаптар сатып алуға, не болмаса ауыстыруға келеді. «Императорда» барлығы келушілерге арналған, біз де кітап айырбастау орнын ұйымдастыруды жоспарлаймыз. Қала тұрғындары кафеде, я болмаса орындықтарда отырып, кітап оқыса дейміз.