Журналистер мерейтойлық төсбелгілерді таратты

09 .05. 2020      00:00

«Устинка плюс» газетінің ұжымы өз жауапкершіліктеріне алып, РФ Президенті Владимира Путиннің Өскемен қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік медальдарын таратты. Шынын айтқанда, оңай жұмыс емес. Физикалық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да оңайға соқпады. Жұмыстан кейін немесе қоғамдық көліктер қатынамаса да демалыс күндері жеткізуге тура келді.

Газет тілшілері бір кездері жердегі тіршілік үшін қан майданда бар күш-жігерін, білімін мен қабілетін сарп еткен сол жандардың бүгінгі жай-күйін көзбен көрді.

Естеріңізге сала кетейік, ардагер оқырмандар хабарласып, өздерін биліктегілердің неге ұмыт қалдырғанын сұрап жиі хабарласатын. Ал ол уақытта 3,5 мың төсбелгі өз иесін таппай әлі де қалалық әскери комиссариатта жатқан болатын. Осы жағдайға көз жеткізген біз төсбелгілерді ардагерлерге жеткізіп беру туралы бірауыздан шешім қабылдадық. Біздің бұл бастамамызды достарымыз - №8 аумақтық басқармасы орталығының (бұрынғы ЖӨӨБК) қызметкерлері мен қалалық мәслихат депутаты Сергей Коротиннің командасы да қолдады. Нәтижесінде барлығымыздың күш біріктіруіміздің арқасында 150-ден астам төсбелгі өз қаһармандарын тапты.


Мереке... көз жасы...


Ұлы Отан соғысы басталған жылы Любовь Абрамкина небары бес жаста еді. Ұжымшардағы ауыр еңбек қаршадай қыздың иығына ауыр жүк артты.


- Отбасымызбен Зайсан ауданында тұратын едік. 1941 жылы мен, әрине, соғыстың не екенін де білмейтін едім. Жақындарымның майданға аттанған сәттері де есімде жоқ. Ол да дұрыс шығар, әйтпегенде ауыр соққы болып тиер еді, - дейді юбовь Павловна. - Аш-жалаңаш жүрсем де, 10 сыныпты бітірдім. Өскемен қаласындағы медициналық училищені және пединститутты сырттай тәмамдадым.


Оқу бітірген соң Любовь үйіне оралып, Сауыр жотасында орналасқан Сайқан көмір разрезі аумағындағы фельдшерлік пунктіде қызмет ете бастайды.


- Ол жерде шекара бекеті бар болатын. Көлік қатынамайтындықтан ұзақ қашықтықты салт атты жүріп өтуге мәжбүр болдық, - деп есіне алады ол. - Бір жылға жуық уақыт осылай жұмыс істеп жүріп тұрмыс құрдым. Қызметімді ауыстырдым. Ауруханаға санитар фельдшер болып орналастым.

10 жылдан кейін Любовь Павловна жолдасымен бірге Өскемен қаласына қоныс аударады. Зейнет жасына дейін облыстық санитарлық эпидемиологиялық станциядағы аса қауіпті инфекциялар бөлімінде қызмет етті. Тырысқақ, бруцеллез, мерез, безгек және өзге де індеттің ортасында жүрді.


- Вирус аяқ асты пайда болып, лезде таралатын. Індет ошақтарына баратынбыз. Ол жер, әлбетте қауіпті еді, бірақ қызықты болатын, - дейді сәл жымиып тыл ардагері. - Осындай ауыр жолды таңдағаныма өкінбеймін.


Қазір Любовь Абрамкина 84 жаста. Соған қарамастан күнделікті міндетті түрде дүкенге өзі барып, қала көшелерімен серуендейді, ал демалыс күндері саяжайына барады. Өмірдегі ең басты жетістігі – тату-тәтті жанұям деп біледі: ұл-қызы, немере-шөберелері. Жанарына үйрілген жасты іркіп алған қария тілшілерге алғысын аямады.

Ал Прасковья Алексеевна Гусева жайлы әрі таза пәтеріннің кіреберісінен қонақтарды қарсы алды. Өзіне жүріп-тұру да оңай емес. Жақында 88 жасқа толады. Прасковья Гусева 1932 жылы Күршім ауданында дүниеге келген, соғыс басталғанда жасы тоғызда екен.


- Бес сыныпты тәмамдап, ауылда еңбек еткен – бидай ектік, - деп еске алады тыл ардагері. - Әкесі жоғары кернеулі электр желілерін тартқан, ал ағасы 1944 жылы майданға аттанған, інісі ұжымшарда көмектескен. Анам көп жұмыс істеді, дәндерді тазартып, сұрыптады. Киер киіміміз жоқ, балалар әке-ағаларының қалған киімдерін қысқартып киіп жүрді. Қыс бойы бүкіл отбасымызға ортақ бір қолғап болды.


Еңбек етіп жүрген күндердің бірінде Жеңіс туралы хабар жеткен. Бірі жылап, бірі күліп: «Ура, біз жеңдік!» деген дауыстар Прасковья әженің әлі жадында.


Өскемен қаласындағы әсери комиссариаттан біз таңдап алған 100 есім мен мекенжайдың ішінен тек 66 ардагердің куәлігі мен төсбелгісі табылды. Қалғандары өз иелерін тапқан екен. Редакция қызметкерлері оның тек 47-сін нақ иелеріне жеткізе алды. 19-ының иесі табылмады. Себептері әр түрлі...


Ал кезекті ардагерді іздеп келгенімізде жағамызды ұстадық. 87 жастағы сал болып қалған тыл ардагері жатқан төсек-орынның кірі бес елі, ал көрші бөлмеде ішімдік ішкен көңілді компания отыр. Қолымыздағы төсбелгіні немересі өтініп сұрап алды.


- Төсбелгімен бірге ақша бермеуші ма еді? Жоқ, па? Жарайды, тойлайтын себеп табылды. Құйыңдар!


Біз бұл жағдайды назардан тыс қалдырмайтынымыз анық. Учаскелік полиция мен «Ульба» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына хабарластық.

Науқас қарияға көмектесулерін қадағалайтын боламыз.

Дәл осындай тағы бір ардагерге де көмек көрсетуге әзірміз. Ол да төсбелгі алып келген тілшілерді көріп, көз жасына ерік берді. Анықталғандай, ұзақ уақыт бойы қарияға әпкесі қарайласқан. Бірақ ол кетіп қалғаннан кейін өз-өзіне қарауға мүлде мұршасы жоқ. Әлеуметтік көмекші қажет екенін түсінсем, хабарласамын деп реадкция нөмірін жазып та алды.


Өкінішке орай, ардагерлердің көбі мамыр-тамыз айлары аралығында о дүниелік болыпты.


- Біз «Устинка плюс» газеіт редакциясының бастамасына қолдау білдірдік, - дейді Өскемен қаласы бойынша №21 сайлау учаскесі бойынша мәслихат депутаты Сергей Коротиннің көмекшісі Галина Андреева. - Өзіміздің аумақтағы ардагерлердің тізімін алып, алдын ала хабарласып алдық. Келетінімізді ескертіп қойдық. Барлығы 33 төсбелгіні діттеген мекенжайына жеткіздік. Қариялар қуаныштан алғыстарын жаудырып жатты.


Әскери комиссариатта жатқан межальдар әлі де көп, ал ардагерлер оларды сарыла күтіп отыр. Қайырымды жандар, қоғабыс етіңдер...


ДОБРЫЕ ДЕЛА 

Как журналисты юбилейные медали разносили
Евгения Чех, Татьяна Золотарева
Две недели дружный коллектив «Устинки плюс» старался выполнить взятые на себя обязательства по доставке на дом ветеранам Великой Отечественной войны и труженикам тыла Усть-Каменогорска именных медалей в честь 75-летия Великой Победы от Президента РФ Владимира Путина. Признаемся честно, было нелегко. Причем, как физически — разносили либо по вечерам после работы, либо в выходные, когда не ходит общественный транспорт, так и морально... Сотрудники газеты лично убедились в каких, подчас в неимоверных условиях, живут сейчас эти люди, отдававшие в суровые фронтовые годы все свои силы, знания и умения во имя жизни на Земле.
Напомним, когда мы узнали, что более 3,5 тысячи наград еще не дошли до адресатов в областном центре и лежат «мертвым грузом» в городском военкомате, в то время, как наши читатели-ветераны со слезами на глазах спрашивают о том, почему им их до сих пор не вручили, в редакции было принято общее решение помочь с доставкой. Нашу инициативу поддержали друзья — сотрудники Центра территориального управления №8 (бывший КМС) и команда депутата городского маслихата Сергея Коротина. В итоге совместными усилиями более 150 наград, наконец-то, нашли своих героев.
Опять праздник, опять со слезами...
Когда началась Великая Отечественная война Любови Абрамкиной было всего пять лет. Тяготы непомерного труда в колхозе легли на ее детские плечи в полном объеме.

  - Наша семья жила в Зайсанском районе. В 1941 году я, конечно, еще не понимала, что такое война. Не помню и момента когда родные уходили на фронт. Может это и хорошо, иначе стало бы для меня большой трагедией, - признается Любовь Павловна. – Холод и голод изнуряли нас, несмотря на это закончила 10 классов, отучилась в Усть-Каменогорском медицинском училище и пединституте заочно.
После окончания учебы Любовь вернулась домой, начала работать в фельдшерском пункте на участке угольного разреза Сайкан, расположенного на хребте Саур.
  - Там была застава, машины не ездили, приходилось преодолевать дистанции верхом на лошади, - вспоминает женщина. – Поработав так около года, вышла замуж и сменила сферу деятельности. Устроилась санитарным фельдшером в больнице.  
Спустя 10 лет Любовь Павловна с мужем переехали в Усть-Каменогорск. До пенсии проработала в областной санэпидстанции в отделе особо опасных инфекций. Ей приходилось находиться в очагах холеры, бруцеллеза, язв, малярии и других возбудителей инфекции.
  - Вирусы появлялись внезапно, распространялись молниеносно. Выезжали на места, там было сложно, опасно, но интересно, - рассказывает с улыбкой на лице труженица тыла. – Не жалею, что выбрала такой сложный путь.
Сейчас Любови Абрамкиной 84 года. В своем почтенном возрасте даст фору и молодым. Каждый день – обязательный поход в магазин, прогулка по улицам города, а выходные она проводит на даче. Главным достижением считает то, что у нее большая и дружная семья: сын, дочка, внуки и правнуки. Заслуженную медаль приняла Любовь Павловна с достоинством, лишь смахнув навернувшуюся слезу, от души поблагодарила журналистов.
А Прасковья Алексеевна Гусева стойко встретила нашу дружную команду у самой двери чистой, уютной и ухоженной квартиры. Хотя каждый шаг давался ей огромными усилиями. Скоро 88 лет – шутка ли! Особенно, когда узнаешь, через что ей пришлось пройти. Родилась Прасковья Гусева в 1932 году в Курчумском районе, девочке было девять лет, когда война началась.
- Закончила пять классов, а после работала в селе – полола пшеницу, - вспоминает труженица тыла. – Отец прокладывал высоковольтные линии электропередач, старший брат в 1944 году ушел на войну, младший помогал в колхозе. Мать работала очень много, очищала и сортировала зерна. Носить было нечего, детям доставались вещи из перешитой одежды отца и братьев. Зимой вся семья ходила в одних валенках
О Победе Прасковья узнала во время трудового дня. Кто-то плакал, кто-то смеялся, голосили все: «Ура, мы победили!». В 1966 году женщина приехала в Усть-Каменогорск, до пенсии проработала на городском молочном комбинате. Большая, яркая и трудная жизнь… Лишь две истории, всего две судьбы! Но настолько они типичны, что подходят всем нашим дорогим и уважаемым героям.
Луч света в буднях карантина
Из списка 100 фамилий и адресов, который мы выбрали в военкомате Усть-Каменогорска (спасибо за терпение и помощь сотрудникам Управления по делам обороны города, потративших с нами пол дня) удостоверения и медали в итоге мы получили всего на 66 ветеранов. Остальные награды оказались уже доставленными ранее. Разнести адресатам у сотрудников редакции получилось и того меньше — 47. 19 осталось невостребованными. По разным причинам… Здесь и неточность в адресах, некоторые ветераны уже давно поменяли место жительства, а проживающие там люди даже и не знают, где они теперь. В каких-то квартирах никто не открывал, хотя мы наведывались туда ни по одному разу. Примечательно, что соседи были не в курсе, кто там проживает и где находятся сейчас, отказывались принять медали и удостоверения для передачи. Выявили журналисты и несколько таких наших героев, которым срочно нужна помощь.
В одной из квартир увидели картину, потрясшую до глубины души. 87-летняя бабушка-труженица тыла лежала парализованная в грязной постели, а в соседней комнате гуляла пьяная компания. Маргинального вида внучка забрала медаль, вопрошая.
- А что, к медальке денег не положено? Нет? Ладно, будет повод еще по маленькой пропустить. Ребята, наливай!
Понятно, что мы не могли оставить ситуацию без контроля. Обратились к участковому инспектору и в Центр социального обслуживания «Ульба». Постараемся проследить, чтобы больной женщине помогли. Как и еще одному нашему одиноко проживающему герою. Он тоже плакал, когда ребята доставили медаль. Выяснилось, что долгое время ему помогала сестра. Теперь она уехала, а ветерану все труднее ухаживать за собой. Дедушка попросил время, чтобы успокоится и прийти в себя, записал телефон редакции, обещал позвонить нам, как только поймет, что ему нужна помощь социального работника.
К сожалению, несколько тружеников тыла умерли в период с мая по август. Где-то родственники с благодарностью принимали награды как память о дорогих и любимых, где-то проживали уже чужие люди.
- Мы решили поддержать добрые дела коллектива любимой газеты «Устинка плюс», - рассказывает помощник депутата маслихата Усть-Каменогорска по избирательному округу №21 Сергея Коротина Галина Андреева. - Взяли списки своих подшефных ветеранов, предварительно созвонились с ними. Предупредили всех, что приедем и привезем юбилейные медали. Получилось доставить до адресатов еще 33 медали. Это здорово! Очень трогательно и до мурашек по коже. Старики были очень довольны и благодарили постоянно. А ведь это такая малость… Им такое внимание необходимо и важно именно сейчас, а не когда-то потом. Давайте подарим им нашу заботу и внимание.

Медалей в военкомате еще очень много, а ветераны их все еще ждут! Откликнетесь, добрые люди...
Фото 1 / 4
  • Журналистер мерейтойлық төсбелгілерді таратты -
  • Журналистер мерейтойлық төсбелгілерді таратты -
  • Журналистер мерейтойлық төсбелгілерді таратты -
  • Журналистер мерейтойлық төсбелгілерді таратты -

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00