Ардагерлерге құрмет көрсетілді

09 .05. 2017      00:00

Қымбат Слямбеков

Бұл ұрпақ соғысты көрген емес, көрмесін де! Алайда сұрапыл соғыстың ащы қасіретін сұм жүрекпен сезініп, қан майданды көзбен көрген Ұлы ұрпақтың – аңыз ардагерлердің арқасында ғана мына ұрпақтың аспаны ашық, көңілі тоқ. Сондықтан да аз ғана ғұмыры қалған асыл жандарды құттықтап қалуға асыққан жас ұрпақ Жеңіс күнін Ұлы мереке етіп тағайындаған. Бұл күні ардагер қарияларымызға зор құрмет көрсетіледі. 

Құрметтің ең қадірлісі де Жеңіс күні көрсетілмек. Қадірлі мерекенің қарсаңында қалалық мәслихат депутаты әрі қаламыздың танымал кәсіпкері Сергей Коротин №21 сайлау ауданы аумағында тұратын ардагерлерді құттықтауға аттанды. Кәсіпкер 30 зейнеткердің үйіне барып, амандығын сұрап, сый-құрмет көрсетті. Сергей Викторович сыйлыққа гүл, мерекелік ашық хат, георгий бауын және азық-түлік қоржынын әкелді. 

Ардагерлер көңіл қуанышын жасыра алмады, соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, альбомдағы суреттері мен жеке кітапханасын көрсетті. Әскери киімдерін киіп, шеруге дайын екендігін жеткізді.

- Кітап оқығанды сондай жақсы көремін, - дейді Матрена Волкова. – 30 жылдан астам мектепке қызмет еттім. Түлектерімнің алды зейнеткерлік жасқа жетті. Кейбірі үйіме келіп құттықтап, қуанышыммен бөлісті. Енді, міне, зор адамгершілік танытып депутат да құттықтауға келіп отыр. Ықыласыңызға алғысым шексіз.

Кей ардагердің көңілі босап, көз жасына ерік берді. 

- Шынымды айтсам, еш күтпеген едім. Сізге алғысым зор!  - дейді ағынан жарылып  Августа Тарасовна. - Сен жайлы еске алып, ескерген қандай тамаша! Еңбегіміз еш кетпеді! Жақсы ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз деген сөз.

Құттықтауды Евдокия Титовна Горбатова да қабыл алып, алғысын жаудырды.

- Мен жалғыз тұрамын, - дейді зейнеткер. - Алайда балалар мені ұмытқан емес. Келіп қол ұшын береді. Менің ұлым да әскери ұшқыш болған, Ауғанстан мен Польшада қызмет еткен. Ол майданға аттанғанда мен де сары уайымға салындым. Алайда ұлым аман-есен. Хал-жағдайымды сұрап күн сайын келіп тұрады. Оның үстіне, төрт немерем, үш шөберем бар. Мен бақытты адаммын

Жыл сайын ардагерлердің азайып бара жатқанын сезесің. Сезінген сайын көңілің де тынышсыздана бастайды. Аз ғана ардагерімізді барынша құрметтеп қалуға, бата-тілегін алып қалуға тырысасың. Өйткені мұндай қадірлі қариялардың қайтып келмейтіндігін білесің... Жеңіс күні құтты болсын! Сіздерді ұлықтайтын ұрпақ мол болғай!

Фото 1 / 3
  • Ардагерлерге құрмет көрсетілді (фото 1)
  • Ардагерлерге құрмет көрсетілді (фото 2)
  • Ардагерлерге құрмет көрсетілді (фото 3)

Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00