Қайрымды нан

11 .04. 2017      19:41

Аяу Төлеубек

Өскемен қаласындағы Мирный кентінің тұрғындарына тегін нан үлестірілді.

Қайырымдылық акциясына  «Ореол» бірінші партиялық ұйым қатысты. Осылайша нұротандықтар аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созды.

Революционный көшесінде орналасқан «Продуктовый» дүкеніне тегін нан алу үшін үлкен кезек жиналды. Осы дүкеннен жарты ғасырдан астам уақыт нан сатып алып жүрген  Владимир Захаров бүгін алғаш рет бұл жерден тегін нан алып тұрғанын айтады.

- Табылған ой. Біздің ауданда көбінесе зейнеткерлер тұрады. Зейнетақымыз аз болғандықтан, қажеттіліктердің барлығына жете бермейді, - дейді зейнеткер.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар мұқтаж жандарға 100 бөлке нан үлестіріп үлгерген.

- Әсіресе, зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасыларға аз да болса, көмек беруге тырыстық, - деп түсіндірді қалалық мәслихат депутаты Сергей Коротиннің көмекшісі Галина Андреева.


Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00