Ең үлкен құрмет – көңіл бөлу

03 .10. 2016      11:39

Ерке Мұхаметкәрім

Сыйлық сыйлау әркімге ләззат сыйлайтыны ақиқат. Ал шын мәнінде көмекке, жылы сөзге мұқтаж жандарға қуаныш сыйлау бір ғанибет.

Қарттар күніне орай, Өскемен қаласындағы №21 сайлау учаскесінде тұратын 80 зейнеткерге тосын сый жасалды. Бұл күні қарттар қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Коротиннің атынан азық-түлікке толы себеттер мен ыстық тілектерін қабыл алды.

- Қамқорлыққа алынған аймақ зейнеткерлерін жыл сайын мерекелерімен құттықтап тұру дәстүрге айналған, - дейді депутаттың көмекшісі Галина Андреева.  - Негізгі басымдылық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне берілді. Жалғызбасты және жағдайы нашар егде жастағы қариялар да назардан тыс қалмады.

Жас келген сайын адам көңілшек бола түсетіні ақиқат. Бүгінгі қариялар да өздеріне деген ыстық ықыласқа риза болып, көздеріне жас алды. Әрқайсының жанына жақындап, денсаулығын, қалын сұрасаң болғаны ақтарыла кетеді.

- Біздей қарияларды ұмытпағандарың үшін ризамыз, - деп алғысын білдірді қариялардың бірі. - Қарттарға көп ештеңе керек емес қой. Осының өзі де бізді бір марқайтып тастады.


Контакты

070004, Қазақстан,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 28, 070004
Факс +7 7232 208-778
Қабылдау бөлім +7 7232 208-777

+7 (7232) 208-778
info@svkgroup.kz
г.Усть-Каменогорск, пр.Аузова, 28
с 09:00 до 18:00